Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Бауыржан Әбдуәлі жергілікті жамағатпен кездесті.
Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде өткен жүздесуде РАНТ мүшесі «Иманды сақтау жолдары» тақырыбында насихат айтты.
Одан бөлек білімсіздікке бой алдырудан сақтану, лудомания, жат ағымның алдын алу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі