ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында жастармен кездесу өтті.
Кездесуді Жаңақорған ауданына арнайы шақырылған Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі Хушкелдиев Жанболат Жұматұрұлы өткізді.
Жиын барысында рухани құндылықтарға негізделген тәрбие мен қоғамдағы тұрақтылықтың мәні кеңінен әңгімеленіп, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және рухани иммунитетті қалыптастыру тақырыптары да жан-жақты талқыланды.
Шаралар соңында қатысушылар білікті маманнан сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.



