ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/09/2022 144

РАТТ МҮШЕСІ ТИМУР НҮСІПХАНҰЛЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА

Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген Нұр-Мүбарак университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры, PhD докторант Тимур Нүсіпханов жергілікті жамағатпен кездесіп, имамдармен сұқбаттасты.

Нақтырақ айтқанда, қалалық “Нұр” мешітінде “Деструктивті діни ағым өкілдерін оңалту әдістері мен тәсілдері” тақырыбында өткен  семинарда Республикалық түсіндірме тобының мүшесі Тимур Нүсіпханұлы теріс ағым өкілдерімен жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігіне  тоқталып, тәжірибесімен бөлісті. Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының “Облысқа РАТТ мүшелерін немесе теолог, дінтанушы және басқа да діни салаға қажетті мамандарды шақыру, іс-шаралар өткізу” әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған оқу семинарына шаһарда орналасқан мешіттердің бас имамдары мен наиб имамдары қатысты.

Сонымен қатар, теолог облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінде жамағатпен жүздесіп, сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, жоспарға сәйкес, бүгін құптан намазының уақытында Байқоңырлық жамағатпен де кездесуі күтілуде.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі