Қасиетті Құрбан айт күндерінде ұйымдастырылған «Раббың үшін құрбан шал» республикалық акциясы Сыр өңірінде жоғары деңгейде жүзеге асырылды. Игі шараның тиімді атқарылуына облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы бастаған қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары, еріктілер мен қасапшылар, техникалық мамандардан құралған жұмысшы топ үлес қосты.
Құрбан айт – адамзатқа мейірім мен жанашырлықты, жомарттық пен бауырмалдықты үйрететін рухани маңызы зор күн.
Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен шарада облыс бойынша 200 ге жуық отбасы қамтылды.
Осы игі іске атсалысқан барша жомарт жандарға Алла разы болсын!


