ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/15/2024 11

ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА САЛАУАТ САЙЫСЫ ӨТТІ

Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жергілікті тұрғындар арасында «Пайғамбарға салауат» салауат сайысы өтті.
4-13 маусым аралығында өткен сайыстың нәтижесі Құрбан айт мерекесі қарсаңында белгілі болды. Мешіттің бас имамы Өміржан Жұмаділдаұлы қасиетті жұма күні жеңімпаздарды хабарлап, қаржылай сыйлықпен марапаттады.
Салауат сайысында отыздан астам қатысушы бағын сынады. Нәтижесінде 7 қатысушы жүз мыңнан астам салауат айтып, қаржылай жүлделерге ие болды:
1-орын: Асылбеков Әділ (334 093 салауат) – 100 000 теңге
2-орын: Көшенов Қанат (249 700 салауат) – 60 000 теңге
3-орын: Жетесова Айару (218 197 салауат) – 30 000 теңге
Жетесова Ясина (207 102 салауат) – 10 000 теңге
Қуанышбаев Бауыржан (178 000 салауат) – 10 000 теңге
Ишанкулова Айгүл (119 597 салауат) – 10 000 теңге
Асқарбекова Жаннұр (106 477 салауат) – 10 000 теңге
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі