ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/31/2020 83

«ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ» АТТЫ ОНЛАЙН ШАРА ӨТТІ

Бүгін, Құрбан айттың алғашқы күні ҚМДБ өзінің youtube және инстаграм парақшалары арқылы «Құрбан айт – ұлық мереке» атты насихаттық бағыттағы онлайн шара ұйымдастырды.

Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00 мен 09:00 аралығында өткен мерекелік бағдарлама ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Құрбан айт мерекесіне арналған ақжарма тілегімен ашылды.

Сондай-ақ қашықтан (онлайн) құрбан шалудың ерекшелігі (ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров), құрбан шалудың тарихы (ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков), құрбан шалудың шарттары (ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов) жайлы әдемі әңгіме өрбіді.

Бағдарлама барысында Әкім Тарази, Нұртөре Жүсіп, Дархан Қыдырәлі, Дихан Қамзабекұлы секілді ел ағалары Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.