ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/16/2021 227

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында брифинг өткізді.

Брифинг барысында қасиетті Құрбан айт мерекесінің маңызына тоқталып, шариғат бойынша құрбан шалудың үкімі, құрбандыққа шалынатын малға қойылатын талаптар мен құрбандық шалу рәсімінде сақталуы тиіс шарттарды баяндады.

Сонымен қатар, биылғы жылы қатаң санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтай отырып, Құрбан айт  мерекесін өткізуге қатысты енгізілген бірқатар өзгерістерге тоқталды. Атап айтар болсақ, биыл Айт намазы оқылмайды және құрбан шалу рәсімі мешіттерде жүзеге асырылмайды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен www.qurban2021.kz сайты іске қосылғанын атап өтті. Яғни құрбан шалушы өз атынан құрбан шалу рәсімін өткізуге онлайн тапсырыс бере алады. Онлайн тапсырыс берген жандардың құрбан шалу ниетін орындау мешіт жанынын арнайы жұмыс жұмыс штабы бекітіліп, жоспар бойынша дайындық жұмыстары  жүргізіліп жатқанын баса айтты.

Құрбан айт күндері құрбан шалуға арналған орын қаламыз бойынша «Кзо ет» және «Нұрболат» қасапханасы бекітілгенін хабарлады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі