ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/11/2022 600

ҚҰРБАН АЙТТА ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЖАМАҒАТ АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы болған Құрбан айтта Сыр мешіттерінде жалпыхалықтық шаралар мен думандар ұйымдастырылған болатын.

Осындай игі шаралардың бірі Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде орналасқан “Қожаназар ишан” мешітінде өткен спорттық сайыстар.

Қасиеттің мерекенің құрметіне орай, Жастар ісі секторы ұйымдастырған жарыста мешіт жамағаты арқан тартып, гір тасын көтеріп, қол күресті.

Жарыс нәтижесіне бойынша жеңімпаздар анықталып, сыйлықтармен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі