ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/14/2022 54

«ҚҰРБАН АЙТТА ҚУАНДЫР» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Арал аудандық мешітінде және Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылдық “Мүсірәлі сопы Әзіз” мешітінде “Құрбан айтта қуандыр” акциясы өтті.

Қасиетті мерекенің құрметіне орай ұйымдастырлған қайырымдылық акциясында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы балаларына спорттық киім-кешектер және тәттілерге толған қоржындар үлестірілді.

Пайғамбарымыз: «Жетімнің басынан сипа, кедейлерді тойдыр!»,-деп өсиет еткен.

Қуанышқа бөленген балалар мешіт қызметкерлеріне алғыс білдірді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі