ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/12/2022 37

ҚҰРБАН АЙТТА ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНГЕН ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР

Қазалыда  Құрбан айт мейрамы аталып өтті.

Атаулы күннің құрметіне орай, бесінші аймақ тұрғындары және “Әли-Мұса” мешіті, Жастар ісі секторының  ұйымдастыруымен балаларға арналған мерекелік шара өтті.

Қасиетті күннің шарапатын сезіндіру мақсатында өткен қуанышты кеште батут орнатылып, тәттілер мен балмұздақтар, жемістер таратылды.

Батутта асыр салып ойнаған бала риза, балапандарының қуанышты жүздерін көрген ата-ана да риза. Осындай ерекше көңіл-күйге бөленген кеш қонақтары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі