Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамында Сыр жастары қайырымды істердің ұйытқысы бола білді.
Нақтырақ айтар болсақ, Қармақшы аудандық Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жағдайы төмен 20 отбасыға ақшалай 1 млн теңге үлестірілсе, Қазалыда аз қамтылған 40 мұқтаж отбасыға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында азық түліктер таратылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі