ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/21/2021 747

ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ 1233 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЕТ  ТАРАТЫЛДЫ


Сыр өңірінің имамдары Құрбан-2021
шарасын өткізуге қасиетті мереке басталысымен жұмыла кіріскен болатын. Еліміздегі карантин жағдайына орай, Құрбан шалу рәсімі Сыр өңірінде  санитарлық талаптарды сақтай отырып, онлайн форматта жүзеге асырылуда.

Құрбан айттың екінші күні 229 қой, 5 ешкі, 18 сиыр Құрбандыққа шалынып,
7 тонна 398 келі ет таратылды. Сонымен қатар, Qurban2021.kz сайты бойынша ет алуға 999 адамнан өтініш келіп түсті.
Құрбан еттері дер кезінде,  бүгін, үйді үйге тарқатылып отырды.

Айта кетейік, Құрбан шалу 22 шілде, Асыр намазына дейін жалғасады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі