ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/31/2020 49

РЕСЕЙ МҮФТИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының және мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Ресей мүфтилер кеңесі мен Ресей мұсылмандары діни басқармасы және өз атымнан сізді және Қазақстанның барша мұсылмандарын қасиетті Құрбан айт (Ид аль-Адха) мерекесімен құттықтаймын.

Бауырлас елдердің гүлденуі пен жандануын Алла Тағаладан сұраймын. Шын жүрегімнен сізге және сіздің туыстарыңыз бен еліңіздің барша азаматтарына мықты денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен рухани серпіліс тілеймін» делінген құттықтау хатта.