ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Республика күні қарсаңында 60 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды.
Қаладағы бірнеше мешітте өткен игі іске мешіт имамдары және мешіт еріктілері атсалысты.
Сырбойылық аз қамтылған отбасыларға 1 айға жететін азық-түлік қоржындары дайындалып, мекен-жайларына жеткізіп берілді. Көмек алушы тұрғындар да жақсы тілектерін айтып, жалғасын тауып келе жатқан сауапты іске алғысын білдірді.
Қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесу – үлкен сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады…» – деген.

68