ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/03/2026 4

САНАЛЫ ЖАС – АДАЛ ҚОҒАМНЫҢ ІРГЕТАСЫ

Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен барды. Іссапар Руханият орталығында аудан жастарымен кездесуден басталды.
«Саналы жас – адал қоғамның іргетасы» тақырыбында өткен кездесуде бас имам жастарға рухани тәрбие, білімге ұмтылу, жауапкершілік пен адалдық құндылықтары жөнінде насихат айтты. Қазіргі ақпараттық қоғамда жастардың діни сауаттылығы мен сыни ойлау қабілетін дамыту аса маңызды екеніне ерекше тоқталды.
Шара жастарға рухани серпін берген мазмұнды жиынға айналды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі