ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/10/2022 87

СЕКСЕУІЛДЕ 1000 АДАМДЫҚ ЖАҢА МЕШІТ ҒИМАРАТЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Құрбан айт мейрамының екінші күнінде сексеуілдіктердің қос қуанышы қабат болып, «Тілеуқұл ишан» мешітінің жаңа ғимаратының ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға генерал-майор Мұхаммеджан Таласов, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұлов, Геннади Шиповских, облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Сейітқалиұлы, Қызылорда облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, Арал ауданының әкімі Серік Сағитжанұлы, “Алтын домбыраның” үш дүркін жеңімпазы Мұхтар Ниязов және өзге де арнайы шақырылған меймандар мен кент халқы қатысты.
Сексеуілдегі дүбірлі тойда сөз алған Бас имам Болатбек Ұласқанұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық лебізін жеткізіп, демеуші азаматтарды ҚМДБ төрағасының алғыс хатымен марапаттады.
2019 жылы осы өңірдің төл перзенті, белгілі меценат Қадырберген Бедерұлының мұрындық болуымен құрылысы басталған мешіт ғимаратында бір мезетте 1000 адам құлшылық ете алады. Мешітте ерлер мен әйелдер намазханасынан бөлек екі дәрісхана және имамдар бөлмесі қарастырылған.
Айта кетейік, 1998 жылы қолданысқа берілген «Тілеуқұл ишан» мешітінің ескі ғимараты 150-200 адамға шақталған еді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі