ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/31/2022 34

ШӘКІРТТЕР 40 ХАДИСТІ ЖАТҚА АЙТУДАН ЖАРЫСТЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық “Айтбай” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Имам Науауидың 40 хадис жинағынан» интеллектуалдық жарыс өтті.
Білім додасында алғы сөз алған Қызылорда қаласының бас имамы Марат Үркімбаев жиылған жамағатқа хадис жаттап, амал етудің маңызы мен сауабын түсіндіріп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Қала мешіттерінің жамағатынан құралған 10 команда жарыс ережесіне бойынша 40 хадистің қазақша мағынасын жатқа айтты.
Сайыс соңында Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысушыларды Мәуліт айымен құттықтап, аталмыш шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Бұдан кейін жарыс жеңімпаздарын қомақты сыйлықтармен марапаттап, өзге қатысушыларға алғыс хат табыстады.
Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І-орынды облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінің шәкірттері қанжығаларына байлап, 70 000 тг көліміндегі қаржылай сертификатпен марапатталса, ІІ, ІІІ-орындарды сәйкесінше “Төлена ата” (50 000 тг), “Нұр” мешіттерінің (30 000 тг) құрамалары иеленді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі