ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/08/2026 2

ШӨМІШТЕ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Арал ауданына қарасты Аралқұм ауылдық округінің Шөміш елді мекенінде жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.
Шараға Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бірінші наиб имамы Жақсыбек Әбиұлы, Арал ауданы әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Омарұлы, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.
Салтанатты жиында сөз сөйлегендер жаңа мешіттің ауыл тұрғындары үшін маңыздылығын атап өтіп, игі бастамаға қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтты.
Сондай-ақ, алғашқы жұма намазы оқылып, «Қанағат-рақым ойлап қой, бес асыл іс білсеңіз» тақырыбында жұма уағызы айтылды.
Айта кетейік, «Шөміш» ауылдық мешітінің құрылысы 2023 жылы басталған. Бұған дейін елді мекенде мешіт болмаған. Құлшылық ордасы жергілікті халықтың демеушілігімен бой көтеріп, бүгінде ауыл тұрғындарының игілігіне беріліп отыр.
Мешіт ғимаратында имам кабинеті және дәретхана қарастырылған. Мешіттің негізгі залы бір мезетте 90-100 адамға дейін қабылдай алады. Сонымен қатар мешіт ауласында 100 орындық асхана орналасқан.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі