ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/18/2021 115

ҮШ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қызылорда облысының дін істері басқармасы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің арасындағы ынтымақтастық және өраза іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты – имамдардың, теологтардың, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері мен дін істері басқармасы мамандарының біліктілігін, коммуникативтік қабілетін дамыту үшін бірлескен оқу семинарларын, дөңгелек үстелдерді, тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру, ақпараттық әсер ету технологияларындағы кәсіби құзіреттіліктерін арттыру болып табылады.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас ғимаратында өткен айтулы шараға қатысқан үш тарап басшылары аталмыш бастама алдағы уақытта халық игілігі үшін атқарылар жұмыстардың нәтижелі болуына өз септігін тигізетінін жеткізді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі