ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/19/2021 401

«ШЕБЕР ӘЙЕЛ» ҚОЛӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БІТІРУШІЛЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Шебер әйел» қолөнер орталығының үшінші ағымына қатысқан шәкірттерге сертификат табысталды.
Сертификат табыстау рәсіміне ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов, «Әйелдер-қыздар» секторының аймақтағы жетекшісі Лаззат Сыдықова және «Шебер әйел» қолөнер орталығында ұстаздық қызмет атқарған Перизат Ашықбаева қатысты.
Шарада  шәкірттер  «әйелдің базалық киімдерін тігу технологиясы» бойынша өткен 2 айлық тігін курсында өз қолдарымен тіккен киім үлгілері мен жайнамаздарды көрсетіп, нәтижелерімен бөлісті.
Бас имам Болатбек Ұласқанұлы шәкірттерді құттықтай келе орталықтың кезекті бітірушілеріне сертификат табыстады.
Айта кетейік, өкілдік жанынан Қазақстан республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктері елшілігі мен «UMMET» қоғамдық қорының демеушілігімен «Шебер әйел» қолөнер орталығы ашылған  болатын.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі