ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/16/2026

ШИЕЛІДЕ ЖАС ҚАРИЛАРҒА СЕРТИФИКАТ ПЕН СЫЙАҚЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры, РАНТ мүшесі Мақсатбек Қайырғалиев Шиелі аудандық орталық мешітінде ұйымдастырылған қариларға сертификат табыстау рәсіміне қатысты.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Мақсатбек Мақсотұлы Құран жаттаудың үлкен мәртебе екенін атап өтіп, жас қариларға алдағы уақытта да ілім жолында табандылық танытуға тілектестік білдірді. Сондай-ақ шәкірт тәрбиелеп, қари дайындауға үлес қосқан ұстаздарға алғысын жеткізді.
Шара соңында жиналған қауым Шиелі қайырымдылық мекемесінде ұстаздардың тәлімімен қасиетті Құран Кәрімді толық жаттап шыққан жас қариларға ақ тілектерін арнап, олардың Құран қызметіндегі еңбектеріне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің тапсырмасына сәйкес, «Зекет және қайырымдылық» қоры «Білім» жобасы аясында білімге құштар балалар мен студенттерге, медресе шәкірттеріне тұрақты қолдау көрсетіп келеді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі