ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/23/2021 266

ШИЕЛІЛІК ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен ауданға қарасты аудан-ауыл мешіттерінің имамдарына арналған білім жетілдіру семинары өтті.
Семинарда ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің Қызылорда облысы бойынша жауапты өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Жеңіс Әбибуллаұлы ақида ілімдері бойынша дәріс берсе, ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкілдігінің Шиелі ауданына жауапты кураторы, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы, қари Шыңғысхан Жапарханұлы Құран Тәжуид ережелері бойынша тәжірибе алмасты.
Семинар соңында сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі