ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/28/2022 59

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БӘЙГЕ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, қасиетті Қадір түнінде облыстық мешітке жиылған жамағат алдында, Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған шығармашылық бәйгенің І-орын жүлдегері Нұрсұлтан Мықтыбайды және ІІ, ІІІ-орындарды иеленген Айтолқын Айтжанова, Сәкен Алдашбаевтарды марапаттады.
Айта кетейік, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің мұрындық болуымен сырбойылық БАҚ өкілдері арасында “Үздік мақала”, қызылордалықтар арасында инстаграм желісі арқылы “Үздік жазба” байқауы жарияланған болатын.
“Рамазан – рухани тәрбие айы” тақырыбында өткен шығармашылық байқауға ұсынылған 12 шығарманың ішінен жоғарыда аталып өткен БАҚ мамандарының туындылары үздік деп танылып, сәйкесінше 100 000, 70 000, 50 000 теңгелік сертификаттарды қанжығаларына байлады. Ал орын алмаған өзге қатысушыларға 10 000 теңгелік қаржылай және “Ploff city” дәмханасынан тамақ ішуге арналған 10 000 теңгелік сертификаттар табысталды.
Сондай-ақ, “Өмірімді өзгерткен Рамазан” тақырыбында өткен “Үздік жазба” байқауына, әлеуметтік желінің ауқымын ескере отырып, қатысушылар саны аз болғандықтан және жазбалар мазмұны деңгейлес болғандықтан, сараптау комиссиясының шешіміне сәйкес, жүлдегерлер таңдалмай, қатысқан 8 адамға Kaspi Gold арқылы 5000 теңгелік ынталандыру сыйлықтары жіберілетін болды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі