ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/30/2025 31

ҰСТАЗ АРМАН ҚУАНЫШБАЕВ СЫР ӨҢІРІНДЕ

Елімізге белгілі дінтанушы, Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, ұстаз Арман Қуанышбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында РАНТ мүшесі Арман Баймаханұлы байқоңырлық және жосалылық жамағатпен кездесті.
Нақтырақ айтар болсақ, бейсенбінің кешінде Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітіне құптан намазын оқуға жиылған жамағатқа «Астағы адалдық» тақырыбында насихат жүргізіп, халал тағамның адам денсаулығы мен рухани дамуына тигізер пайдасын түсіндірді.
Сонымен қатар қасиетті жұма күні Жосалы кентінде орналасқан Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінде «Қоршаған орта – аманат» тақырыбында жұма уағызын айтты. Жұма намазынан кейін жамағатпен бірге Сыр өңірінен шыққан ахун-ишандар мен ата-баба рухына арнап Құран аяттарын бағыштап, ел амандығы үшін дұға жасады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі