ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/25/2019 229

Сыр бүлдіршіндері Құран Кәрімді жатқа оқудан жарысты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндер арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан жарыс өтті.

Қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінде ұйымдастырылған шараның ашылуында аталмыш мешіттің Бас имамы А.Ақбаев сөз сөйлеп, Құран Кәрімнің қасиеті жайында насихат айтты.

«Еркін Құран жарысы» жобасына 40-қа жуық балақай қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыста төрелік еткен облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова, қалалық «Айтбай» мешітінің ұстазы М.Файзуллина, «Құддыс Ишан» мешітінің ұстазы Н.Сейтбенбетовалардың бағалаулары бойынша:

Бас жүлдені – Ермекбай Әбунасыр (6 жас)

I орынды – Жалғасқанқызы Диана, Дүйсеналиева Аружан ( 9 жас)

II орынды – Абылай Ибраһим (6 жас), Толыбай Фариза (7 жас)

III орынды – Баймұрзаев Дулат, Әбілхайыр Шадияр (9 жас) лайық деп танылды.

Жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, өзге қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары үлестірілді.