ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен “Атамекен” отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік кеш өтті.
1-маусым Халықаралық балалар құқығын қорғау күні қарсаңында этноауылда өткен шарада облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала имамдары балаларды мейраммен құттықтап, қуанышқа бөледі.
Берекелі кеш ақ дастарқан басындағы өнегелі насихатпен басталып, шығармашылық өлеңдер оқумен өрбіді, күмбірлеген күй-термелер де төгілді. Осыдан кейін жас жеткіншіктер садақ атудан бақ сынап, атпен серуендеді. Жиын соңында 3 жас түлекке сый-сияпат тарту етілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі




