ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/20/2025 100

СЫР ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Жаңақорған кентінде Сыр өңірі имамдарына арналған біліктілікті арттыру курсының алғашқы кезеңі өз жұмысын бастады. Оған Сырдария және Жаңақорған аудандарындағы ауыл имамдары қатысуда.

Аталған жоба Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жүзеге асырылуда. Жоспарға сәйкес, мұндай курстар өңірдің өзге аудандарында да ұйымдастырылады. Курстың мақсаты – мешіт қызметкерлерінің діни және кәсіби білімін жетілдіру, қызмет сапасын арттыру.
Екі аптаға созылатын білім жетілдіру курсы аясында қатысушылар фиқһ, ақида, Құран ілімі, ҚМДБ қабылдаған құжаттар мен ішкі тәртіп ережелері, сондай-ақ діни қызметті ұйымдастыру бағыттары бойынша арнайы дәрістер тыңдайды. Курстың соңында қатысушылар қорытынды емтихан тапсырады.
Оқу нәтижесі бойынша арнайы сертификаттар табысталады.
ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі