ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/12/2019 288

Сыр имамдарының алқалы жиыны өтті

Бүгін «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала және аудан орталықтарындағы мешіт Бас имамдарының қатысуымен кезекті алқалы жиын өтті.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі имамы Болатбек Ұласқанұлы, күні кеше, Нұр-Сұлтан қаласында өткен Төралқа мәжілісінде талқыланған бірқатар мәселелерге тоқталды. Нақтырақ айтқанда, ІІІ республикалық имамдар форумының маңыздылығына тоқталып, дайындық жұмыстарымен бөлісті.

Сонымен қатар, теріс ағымдармен күрес жұмыстарын күшейту, мешіттерге білікті кадрларды жұмысқа шақырып, білімді ұстаздармен қамтамасыз ету, дәрістерді жүйелеп, сабақ кестелерін бекіту, мешіт құжаттарын реттеу, жамағаттың ауызбірлішігін арттыру мақсатында түрлі шаралар өткізіп, тығыз байланыс орнату, жақында ашылған “Ақмешіт-Сырдария” қайырымдылық мекемесіндегі шәкірттермен тәрбиелік жұмыстар жүргізу, «Жастар жылын» қорытындылау мақсатында ауқымды шара ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілу керектігін айтып, жүзеге асырылуын тапсырды.