ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/20/2021 759

СЫР ӨҢІРІНДЕ ҚҰРБАН ШАЛУ РӘСІМІ БАСТАЛДЫ

Бүгін, қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Қызылорда қаласында Құрбан шалу рәсімі басталды. Сыр өңірінің бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы халықты қасиетті мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Діни мерекені атап өту мақсатында өңірімізде құрылған жұмыс штабы әрбір қылшығына сауап жазылатын игілікті жұмысқа жұмыла кірісті.

Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) айтқандай, айт күндері «адам баласы құрбан шалып, қан ағызудан басқа сүйікті іспен Алла Тағалаға жақындаған емес».

Елімізде жарияланған карантин режиміне орай биылғы Құрбан шалу рәсімі де онлайн ұйымдастырылып, осы бағытта www.qurban2021.kz сайты іске қосылған болатын. Қаупісіздік, санитарлық және сақтық шараларын сақтай отырып, Құрбан шалу рәсімі Сыр өңірінде қашықтықтан өткізілуде.

Сондай-ақ, құрбандық етін бөлшектеп, мұқтаж жандарға тарату сынды барлық ұйымдастыру жұмыстары мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат көмегі арқылы жүзеге асады. Қасиетті мерекеде шалынған құрбандық еттері мұқтаж отбасыларға түгелдей үйді-үйге таратылады. Сонымен қатар, құрбан шалуды онлайн тапсырыс берген кісілерге арнайы есебі де жолданатын болады.

Айта кетейік, онлайн құрбан шалуға тапсырыс беру әлі де жалғасу үстінде.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі