ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/16/2021 221

СЫР ӨҢІРІНІҢ БАС ИМАМЫ ҚАСАПХАНА ДАЙЫНДЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы бастаған жұмыс тобы құрбан шалу рәсімін өткізуге арнайы бекітілген мал сою алаңының дайындық барысынмен танысты.

Бас имам қасапхана басшылығы мен қызметкерлеріне: құрбандық шалу кезінде шариғи талаптар толықтай сақталуын, қасапханалардың санитарлық және техникалық шарттарға толықтай сай болуы керектігін, сондай-ақ, діни рәсім кезінде қасапшылардың арнайы киім киіп, медициналық бетперде мен қолғап қолданулары, санитарлық талаптарды қатаң сақтауы қажет екендігін атап өтіп, карантин режимінде жауапты мамандардан тыс адамдардың шоғырланбауын қадағалауды баса айтты.

Сонымен қатар, құрбандық малдарын соятын қасапшылар арнайы семинардан өткізілген болатын. Қаламыз бойынша құрбан шалуға арналған орын «КЗО ЕТ» және «Нұрболат» қасапханасы болып бекітілді. Ал, құрбандық шалуға ниет білдірушілер www.qurban2021.kz сайтына кіріп онлайн өтініш қалдыра алады.

Айта кетейік, ҚМДБ төрағасы, Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесі биыл елімізде 20-22 шілде аралығында өтетінін хабарлай келе, құрбандық шалу рәсімі қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «қызыл» аймақта тек онлайн форматта, ал «сары», «жасыл» аймақтарда онлайн және офлайн форматта өткізілетінін айтқан болатын.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі