ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/27/2026 2

СЫР МЕШІТТЕРІНДЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Сыр өңіріндегі мешіттерде сенбіліктер өтіп, ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.
Наурызнама онкүндігі аясындағы «Тазару» күніне орай жүргізілген мешіт аулаларын тазалау және көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде 520 түп жеміс және шырша ағаштарының көшеттері отырғызылды.
Жамағат арасында табиғатты аялауға үндеуге бағытталған игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі