ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/24/2024 8

СЫР МЕШІТТЕРІНДЕ НАУРЫЗ ТОЙЛАНДЫ

Қызылорда облыстық Жастар ісі секторыны ұйымдастыруымен Сыр мешіттерінде Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті.
Нақтырақ айтар болсақ, облыс көлеміндегі мешіттерде ауызашарға жиылған жамағатқа наурыз дәмі ұсынылып, дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы насихат айтылды, көшеттер отырғызылды.
Сонымен қатар қалалық “Хазреті Осман” мешітінде ұйымдастырылған “қой көтеру”, “қазақша күрес”, “асық ату”, “арқан тарту”, “ләңгі тебу”, “қол күрес”, “гір тасын көтеру” секілді спорттық сайыстарда қала тұрғындары бақ сынасып, жүлдегерлер бағалы сыйлақтармен марапатталды.
Бесін намазынан кейін басталған наурыз тойында ұлттық ойындармен қатар “Рамазан қоржыны” қайырымдылық акциясы өтті. Облыстың бас имамы Дастан Жанасұлының қатысуымен өткен шарада 50 отбасыға бір қап ұннан таратылды. 150 адамға ауызашар дастарқаны жайылып, ғибратты уағыздар айтылды.
Сондай-ақ қалалық “Хазреті Әли” мешітінде де аталмыш акция аясында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 25 отбасыға азық-түлік қоржындары үлестірілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
и ещё 11