ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/19/2019 136

Сыр сұлулары Мәуліт мерекесін атап өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен Сыр мешіттерінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Рабиул-әууәл айының құрметіне орай, түрлі шаралар, рухани кештер өткізілді.

Сондай игі шаралардың бірі – облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен Мәуліт кеші. Аталған шараның қадірлі қонақтары ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы және аймақтағы сектор жетекшісі Л.Сыдықова бастаған ұстаздар қауымы мен қала мешіттерінің жамағаты болды.

Бас мешітте өткен мерейлі шараны алғысөзбен ашып берген Болатбек Ұласқанұлы қонақтарды мерекемен құттықтап, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір-тарихынан сыр шертті. Бұдан кейін рухани азығы мол әсерлі кеште қазақ тілінде Мәуліт жыры оқылып, Хақ елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар жолданды. Өнегелі оқиғаларға негізделген қойылымдар қойылып, сахабалар өмірінен алынған ғибратты уағыздар айтылды. Шара соңында қонақтар арасында сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, сыйлықтар таратылды.

Сонымен қатар, облысқа қарасты қала және аудан орталықтарындағы мешіттерде де жергілікті халық назарына мерекелік бағдарлама ұсынылып, сайыстар, қайырымдылық шаралары өткізілді.