ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/19/2024 16

СЫР ЖАСТАРЫ “QURBAN 2024” ЖОБАСЫНА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ

Қасиетті Құрбан айт күндерінде ұйымдастырылған «Раббың үшін құрбан шал» республикалық акциясы Сыр өңірінде жоғары деңгейде жүзеге асырылды. Игі жобаның атқарылуына Сыр жастары белсене атсалысты.
Нақтырақ айтар болсақ, «QURBAN 2024» жобасы аясында қашықтықтан құрбан шалу рәсімінің барлық талаптарға сай атқарылуын облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы бастаған қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары қадағалап, еріктілер мен қасапшылардан, техникалық мамандардан құралған жұмысшы топ үлес қосты.
Нәтижесінде облыс бойынша 2383 қой, 248 ірі қара, 9 түйе құрбандыққа шалынып, 10058 отбасы мен қарттар үйі, аурухана, балалар үйі секілді 6 мекемеге 121 тонна 319 келі құрбан еті үлестірілді.
Айта кетейік, өткен жылы 10870 отбасы мен 8 мекемеге 116 тонна 50 келі құрбан еті үлестірілген болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі