ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/31/2021 78

СЫР ЖАМАҒАТЫ ЗИРАТ МАҢЫН ТАЗАЛАДЫ

Бүгін ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде зират маңына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Игі шараға атсалысып, сауапты іске жұмыла кіріскен ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдіктің бірі – Қызылорда облысы бойынша өкілдігі.
Бас мүфти Наурзыбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, республика көлемінде жүзеге асырылған бастама аясында Сыр өңірінің дін қызметкерлері және мешіттердің ерікті жамағаты бір мезетте Қызылорда қаласы және облысқа қарасты ауыл-аймақтардағы бейіттерде тазалық жұмыстарын жасады.
Тазалық акциясына Сыр мешіттерінің белсенді жастары жұмылдырылып, имамдар тарапынан зират және зиярат мәдениеті туралы насихат айтылды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдгінің баспасөз қызметі