ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/20/2019 284

СЫР ЖАСТАРЫ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, “Жастар ісі” бөлімі “Рамазан – мейірім айы” акциясы аясында “Атамекен” отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлады.

Шарапаты мол Рамазан айының құрметіне орай балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында өткізілген сауапты шарада алдымен “Браунис” қоғамдық тамақтану орнында балаларға арналып дастархан жайылды. Бұдан кейін қалалық мəдени жəне демалыс саябағында ойын аттракциондарында көңіл көтерумен жалғасты. Балаларға балмұздақтар таратылып, “Parapa pizza” кафесі ұсынған кешкі ас дастарханымен аяқталды.

Қасиеитті айда өткізілген көңілді кештен ерекше әсер алған балалар ұйымдастырушы «Жастар ісі» секторы мен қолдау көрсеткен Қызылорда қалалық мәдени және демалыс саябағы ұжымы, “Parapa pizza”, “Браунис” кафелеріне алғыстарын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі