ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/27/2022 516

СЫР ЖАСТАРЫ “МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Сыр жастары республикалық “Мектепке жол” қайырымдылық акциясына үлес қосты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, “Жастар ісі” секторының ұйымдастыруымен өткен ауқымды шара аясында сырбойылық белсенді жастар тұрмысы төмен отбасының балаларына қолдау білдірді.

Нақтырақ айтсақ, аталмыш акция аясында облыс бойынша 1700-ге жуық оқушыға мектеп формасы, оқу құралдарымен жабдықталған сөмке, кеңсе дүкеніне сертификаттар табысталса, оның ішінде 200-ге жуығын қызылордалық жастар қамтамасыз етті.

Қуанышқа толы қайырымдылық шарасында балалар ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі