ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/14/2020 94

СЫР ЖАСТАРЫ «ТАЗА ӘЛЕМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Таза әлем» республикалық тазалық акциясы өтті.
«Рухани келісім күні» қарсаңында еліміздің барлық өңірінде өткен игі шарада өңірлердің көрікті жерлеріне, мешіттер мен қорымдар маңына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына үн қосып, аталмыш акцияның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Сыр имамдары мен мешіттердің ерікті жамағаты және белсенді жастар да Қызылорда қаласында орналасқан «орталық қазақ бейітін» тазалады.
Айта кетейік, «Таза әлем» республикалық тазалық акциясына еліміздің түкпір-түкпірінде 500-ге жуық ерікті жастар қатысты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы