ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/26/2020 56

СЫРДАРИЯДА ҚОРЫМ ҚОРШАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Сырдария аудандық орталық мешітінің ұйытқы болуымен ауданда орналасқан бейіт қоршалды.
Кезекті жобаның жүзеге асырылуына аудандық кәсіпкер Р.Есенов пен кент әкімшілігі қолдау білдіріп, демеушілік жасаған. Мазарат қоршауының жалпы ұзындығы шамамен 900 метрді құрайды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесімен танысқан Бас имам Болатбек Ұласқанұлы алдымен марқұмдарға құран бағыштап, қорымның қоршалуына үлес қосқан азаматтарға алғысын жеткізді.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» жобасы аясында Қармақшыда қорым қоршалып, Арал мен Қазалыдағы ауылдарда құдық қазылса, Шиелі ауданына қарасты ауылда көпір ел игілігіне берілген болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі