ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/26/2023 5

СЫРДАРИЯЛЫҚ ЖАМАҒАТ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Сырдария аудандық “Мұсылмандар” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен спорттық сайыс өтті.

Аудан ортлаығы – Тереңөзек кентінде өткен спорттық шаралар ересектер мен жасөспірімдер арасында екі бөлек ұйымдастырылды.

Нақтырақ айтар болсақ, ересектер арасында мешіт жамағаты арқан тарту, қол күрес, гір көтеру, қазақша күрес секілді спорт түрлерінен сынға түссе, жас шәкірттер футбол ойнап, арнайы алаңда дене шынықтырды.

жарыс соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі