ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/18/2019 277

Түркістан: түркі мұсылман өркениетінің тұғыры

Түркістанда рухани жаңғыру аясында осындай тақырыпта өңірлік конференция өтті. Келелі кеңеске ҚМДБ Төрағасының орынбасары Алау Әділбаев, “Нұр-мүбәрак” университетінің ректоры мен проректоры, теолог-ғалымдар мен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облысының өкілдері мен аудан-қала имамдары қатысты.

Дін исламды берік ұстанған бабаларымыздың бай мұрасын жаңғырту, қатесіз қалпында халыққа жеткізу, ол үшін тарих зерттеуші арнайы ғылыми кадрлар даярлау жайы талқыға түсті. Сондай-ақ, жат ағымдармен күресте және жұртшылықты сенімнен адасудан сақтандыруда негізге алынуы тиіс шариғат шарттары ескертілді. Облыс имамдарына дін мен дәстүр сабақтастығы турасында дәрістер өткізілді.

Конференция соңында құрметті қонақтар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етіп, Кентау қаласындағы қарилар даярлау орталығының тыныс-тіршілігімен танысты. Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді дін қызметкерлеріне алғыс білдірді.
https://www.muftyat.kz/kz/news/17006