ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/13/2021 453

«ТӘУЕЛСІЗДІК-МӘРТЕБЕМ!» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАС ЖЫРШЫ ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, “Жастар ісі” секторы және Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының бірлесе ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік-мәртебем!» атты облыстық жас жыршы термешілер байқауы өтіп, оған облыс аумағынан 30 жасқа дейінгі 14 өнерпаз қатысты.
Тәуелсіздік тақырыбына арналған жырларды және Сыр бойы жырауларының мінәжат жырларын жаңғырту, жас жыраулардың арасынан өзара үздіктерін анықтау, шығармашылығын өрістетуге қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылған байқауды қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев ашып беріп, талапкерлерге сәттілік тіледі.
ҚР Мәдениет қайраткері, жырау Р.Ахметов, ҚР Мәдениет саласының үздігі А.Рахметов және айтыскер ақын, М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры Н.Мансұров қазылық еткен байқау нәтижесі төмендегідей:
Әлішер Мырзағалиев – І орын
Аяжан Шынберген – ІІ орын
Қуаныш Алғазиев – ІІІ орын
Айдос Тұрар – ІІІ орын
Ақбота Жәку – ІІІ орын
Жанболат Өмірзақ – С.Мырзаев атындағы арнайы жүлде
Ізбасқан Дәулетхан – Қ.Бекпейісов атындағы арнайы жүлде
Шара соңында Қызылорда облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы барша қатысушыларға алғысын білдіре отырып, ҚМДБ-ның 7 бағытының бірі “Дін мен Дәстүр” бағыты аясында алдағы уақытта да ауқымды шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.