ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/24/2021 259

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ: ТОҚАБАЙДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Абуов Арал ауданына қарасты Тоқабай ауылында сапарда болды.

Сапар барысында Бас имам, Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған, «Әли Мақсым» мешітінің жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысып, демеушілік​ танытқан жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл халқына алғыс білдірді.

​ Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ашылған құлшылық үйі ​ 70 адамға арналған. Айта кетейік, 1995-1996 жылдары пайдалануға берілген көне мешіт ғимаратының тозығы жеткендіктен, 2019-2020 жылдары заман талабына сай жасақталған жаңа ғимараттың құрылысы жүргізілген болатын.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі