ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/15/2021 120

ТҰҒЫРЫ БИІК – ТӘУЕЛСІЗДІК!

 ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша “Жастар ісі” секторы және «Өркениет» медициналық колледжі «Жастар ісі» жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу қонағы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Канетов Аманбай, ол уақытта желтоқсаншы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының соңғы курс студенті болатын. Расында жаңа хабарды естіген кезде алғашында сенбегін айтып, кейіннен кешкі қорытынды жаңалықтарда радиодан хабарлаған кездегі әсеріміз, төбемізден су құйылғандай болды дейді. Сол жылдары бұл оқиғаның соңы Амантай Канетов үшін темір торға қамалуымен аяқталды. Алайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Желтоқсан оқиғасында» жазықсыз жазаланғандарды ақтау туралы үндеу жариялап, желтоқсаншылардың босатылғанын айтты.
Сонымен қатар, белсенді студенттердің бастамасымен «Желтоқсан» өлеңдерін жатқа оқыды. 2 курс студенті Медет Жұлдызай ызғарлы желтоқсан оқиғасын еске салатын «Желтоқсан желі» әнін орындады.​
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Жастар ісі» секторының жетекшісі А.Мұсаұлы Тәуелсіздік​ жолында ерлік жасаған батырларды ұмытпайтынын, әр қашан ұрпақтың өткенінен тағылым алып, жастар өз тағдырларына өздері иелік ететін азаматтар болуы үшін, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалардың ортасында болған батырлардың, әңгімесін, өнегесін тыңдап, тарих беттерінде қалатынын айтып өтті.
Кездесу соңында Айтжан Мұсаұлы жастар атынан Аманбай ағамызға естелік сыйлық пен «Толық адам» кітабын сыйға тартты.