ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/18/2026 2

ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес, Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» орталық мешітінің бас имамы қызметіне Рүстем Ешмахан тағайындалды.

Қазалыға арнайы барған Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы жұма намазында жаңа имамды аудан халқына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, осыған дейін аталмыш қызметті абыроймен атқарып келген Нұрдәулет Асқарұлының еңбегін өте жақсы бағалап, жамағат алдында алғыс хатпен марапаттады.

________________________________
Ешмахан Рүстем Айтбайұлы – 1985 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген.

Білімі:
2008-2011 жж. Ливия мемлекетінде «Исламға шақыру» университетін тәмамдаған.
2012 жылы Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының төрт айлық курсында білім жетілдірген.
2014 жылы Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының екі айлық курсында білім жетілдірген.
2015-2018 жж. Ақтөбе қаласы «Ақтөбе» медресе колледжін (дуалды оқыту жүйесі) бітірген.
2019-2022 жж. Көкшетау қаласы Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университетінде «Дін және тарих» факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2012-2013 жж. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті «Жанқожа батыр» аудандық орталық мешітінде наиб имам;
2014 ж. Қызылорда облысы, Сырдария аудандық «Мұсылмандар» мешітінде наиб имам;
2014-2015 жж. жаңа Шамалған ауылдық мешітінде наиб имам;
2016-2018 жж. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті «Жанқожа батыр» аудандық орталық мешітінде наиб имам;
2018-2020 жж. Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде наиб имам, іс басқарушы;
2020-2024 жж. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті «Қожаназар ишан» мешітінде имам;
2024-2026 жж. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласы «Нұралы» мешітінде имам;
2026 жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті «Жанқожа батыр» аудандық орталық мешітінде наиб имам және Қазалы қаласы «Нұралы» мешітінде имам қызметтерін қатар
атқарып келді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі