ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/24/2024 27

ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қызылорда қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің имамы қызметіне Отызбаев Қайырбек тағайындалды.
Бұл туралы Сыр өңірінің Бас имамы Дастан Жанасұлы мешітке жұма намазын оқуға жиылған жамағат алдында хабарлап, жаңа имамды таныстырды, қызметіне сәттілік тіледі.
____________________________
Отызбаев Қайырбек Тоқтықбайұлы – 1981 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туылған.
Білімі: Жоғары
1998-1999 жж. Түркістан қаласындағы бір жылдық университетке дайындық курсын;
1999-2003 жж. ОҚО, Шымкент қ., «Халықаралық қазақ-араб университетінің «дінтану және араб тілі» мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2003-2004 жж. Қызылорда қ. «Құддыс ишан» мешітінде ұстаздық;
2004-2005 ж.Қызылорда қ. республикалық діни-танымдық басылым «Нұр» газетінде редактор;
2005-2012 жж. Республикалық діни-танымдық басылым «Нұр» газетінің бас редакторы. Сонымен қатар қоғамдық негізде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз хатшы;
2012-2014 жж. Астана қаласындағы «Нұр Астана» орталық мешітіне қарасты ресми «ummet.kz» сайтының редакторы;
2014-2015 жж. Атырау облысының «Иманғали» орталық мешітінде 1-наиб имамы;
2015-2016 жж. Астана қаласындағы «Нұр Астана» орталық мешітіне қарасты ресми «ummet.kz» сайтының бас редакторы, редакция алқасының жетекшісі;
2016-2018 жж. Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің наиб имамы; Қоғамдық негізде ҚМДБ-ның «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің «Жастар ісі» секторының Қызылорда облысы бойынша үйлестірушісі;
2018-2022 жж. Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің бас имамы;
2022-2024 жж. Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.
2024 жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің имамы қызметіне тағайындалды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі