ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/16/2020 118

ТАРИХИ МЕШІТКЕ ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің Бас имамы қызметіне Құрманбаев Дастан тағайындалды.
ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мешіт жамағатының алдында жаңа имам Дастан Жанасұлын таныстырып, аталмыш қызметті абыроймен атқарып келген Н.Керімбековке алғыс білдірді.
Бұдан кейін Бас имам Нұржан Пірәліұлына ата дәстүрмен иығына шапан жапқан соң, қалалық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А.Есмаханов қала әкімі Н.Нәлібаевтың алғыс хатын табыстады.
Тарихи мешітке тағайындалған Дастан Құрманбаевпен танысқан ақсақалдар жаңа имамға ақ баталарын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Құрманбаев Дастан Жанасұлы – 1990 жылы қазан айында дүниеге келген.
Білімі:Жоғары
2010-2014 жж. аралығында «Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университетінде «Исламтану» мамандығын тәмамдаған.
2014-2016 жж. «Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университетінің «Исламтану» мамандығының магистрі.
2018 жылдан бастап «Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша докторантурада оқуда.
Еңбек жолы:
2015-2016 жж. «Әбу-Ханифа» орталығының кіші ғылыми қызметкері.
2016-2018 жж. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, «Жәрімбет» мешітінің имамдық қызметі.
2018 ж. наурыз-қыркүйек айларында Қызылорда қаласы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде 1-ші наиб имамдық қызметі.
2018-2019 жж. «Әбу-Ханифа» орталығының кіші ғылыми қызметкері болып қызмет атқарған.
2019-2020 ж. қазан айына дейін Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті «Жәрімбет» мешітінде бас имамы қызметін атқарып келді.
2020 жылдың 14-қазанынан бастап ҚМДБ төрағасының №2133 бұйрығына сәйкес, Қызылорда қалалық “Айтбай” мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.
Құран Кәрімді толық жаттаған қари.
Қазақ, орыс, араб тілдерін еркін сөйлеп, жетік меңгерген.
Үйленген, екі баласы бар.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі