ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/31/2021 108

“Таугүл” мешітінің бас имамы қызылордалық жамағатпен кездесті

Алматы қаласындағы “Таугүл” мешітінің бас имамы қызылордалық жамағатпен кездесті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен кездесуде Ержан Мәжен “Жақсылық жасау” тақырыбында уағыз айтып, жақсылық жасаушы құлдың Алла алдындағы абыройы жайлы сөз қозғады.

Еркін форматта өрбіген сүбелі сұхбат сұрақтарға жауап берумен аяқталды.

Алматыдан арнайы келген қонақтың жұмыс сапары Сыр өңіріндегі өзге мешіттерде де насихат айтумен жалғасын тапты.

 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі