ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/06/2025 115

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Сыр жастары сенбілік шарасын өткізді

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысына қарасты қала, аудан және ауыл мешіттерінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында сенбілік шарасы ұйымдастырылды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес өткен шара барысында мешіттердің ішкі және сыртқы аумақтары тазартылды. Игі іске мешіт қызметкерлерімен қатар, жастар да белсенді түрде атсалысты.
«Тазалық – иманның жартысы» демекші, бұл шара мұсылман қауымына қоршаған ортаны аялаудың маңыздылығын ұғындырып, бірлігін арттырады, қоғамда ортақ жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Мұндай сенбіліктер Сыр мешіттерін жиі өткізіліп келеді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі