Қызылорда қаласында дін қызметкерлерінің қатысуымен «Теңбіл доп-2024» облыстық турнирі өтті.
Кіші футболдан Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен жарысқа 8 құрама қатысып, қала және аудан мешіттерінің намысын қорғады.
Нәтижесінде Қазалы, Жаңақорған, Қызылорда командалары сәйкесінше І, ІІ, ІІІ-орын иегері атанып, жүлделі сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясына Саламатов Бахтияр лайық деп танылса, Есмамбетов Мұстафа – «Үздік қақпашы», Баубек Қалдыбай – «Үздік шабуылшы», Дүйсенбеков Сейілхан – «Көрермен көзайымы» атанды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі